The Age of Psychology

Қолжазба жіберу

Журнал туралы

The Age of Psychology

The Age of Psychology

Жариялану жиілігі: Жылына 1 том

«Психология дәуірі» – 2026 жылы негізі қаланған, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шығаратын рецензияланатын ғылыми басылым.

Шығу жиілігі: жылына 4 нөмір (тоқсан сайын).

Мақсаты мен тақырыптық бағыты 

Журнал психология және онымен байланысты пәнаралық бағыттар саласында түпнұсқа ғылыми мақалалар мен аналитикалық шолу жұмыстарын жариялайды, соның ішінде (бірақ олармен шектелмей) келесі бағыттар:

1.Жалпы психология

Жалпы психологияның ғылыми мәселелері

Психикалық процестер мен жағдайлары

Тұлғаның психологиялық құрылымы

Сана және бейсаналық процестердің зерттелуі

Психологияның тарихы, теориясы және әдіснамасы

2. Психология және педагогика  ғылымының негізгі мәселелері

Білім беру процесінің психологиялық- педагогикалық  аспектілері

Оқу мен тәрбиенің психологиясы мен педагогикасы

Кәсіби  құзыреттілікті  дамыту

Балалардың, жасөспірімдердің және ересектердің психикалық даму ерекшеліктері

Геронтопсихология (қарттар психологиясы)

3. Клиникалық психология

Психикалық  бұзылуларды  диагностикалау  және түзету

Психотерапия және психопрофилактика

Психологиялық   реабилитация

Денсаулық   пен әл-ауқат психологиясы

4. Әлеуметтік психология

Топтар мен ұжымдар  психологиясы

Қарым-қатынас  психологиясы

Әлеуметтік қабылдау  және  стереотиптер

5. Арнайы психология

Аномалды даму психологиясы

Арнайы психология  контекстіндегі  клиникалық  және нейропсихология

Ерекше білім беру қажеттілігі бар (ЕБҚ) балаларды оқыту мен тәрбиелеу психологиясы

Эмоциялық және мінез-құлық бұзылыстарын диагностикалау және алдын алу

ЕБҚ бар баланың отбасына психологиялық қолдау көрсету

Рецензиялау 

Барлық қолжазбалар бастапқы редакциялық іріктеуден өтеді және тәуелсіз сарапшылардың қатысуымен екі жақты “жасырын рецензиялау” (double-blind peer review) тәртібі бойынша қаралады. Журнал бұрын жарияланбаған, әрі басқа басылымдардаға қарастыруға берілмеген, тың материалдарды қабылдайды. Қолжазбаны жариялауға қабылдау туралы шешім – ғылыми маңыздылығы, түпнұсқалығы, әдіснамалық негізділігі және журналдың тақырыптық бағытына сәйкестігі критерийлері негізінде қабылданады.

Редакциялық саясат және жарияланым этикасы

Журнал академиялық адалдық және жарияланым этикасы қағидаттарын ұстанады және төмендегілер бойынша рәсімдерді қолданады:

  • академиялық адалдық қағидаттарын өрескел бұзу болып табылатын – плагиат жасалынған мәтіндерді және жарияланым этикасының өзге де бұзушылықтарын анықтау;
  • мүдделер қақтығысын жариялау және реттеу;
  • авторлардың өтініштерін қарау (рецензиялау нәтижелері бойынша шағымдар мен апелляциялар);
  • негіз болған жағдайда жарияланымдарға түзетулер енгізу және оларды кері қайтарып алу (ретракция)

Бұлар жайында толығырақ қағидалар мен ережелерді журналдың сайтындағы «Редакциялық саясат» және «Жарияланым этикасы» бөлімдерінен табуға болады.

Ашық қолжетімділік (Open Access) және лицензиялау

Мақалалар журнал сайтында ашық қолжетімділік режимінде жарияланып, толық мәтін түрінде қолжетімді. Жарияланымдар Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясының шарттарымен таратылады. Материалдар журналдың тілдік саясатына сәйкес, үш тілдеқазақ, орыс және ағылшын тілдеріндеұсынылады.

DOI және метадеректер

Әрбір жарияланған мақалаға DOI номері беріледі; тіркеу Crossref арқылы жүзеге асырылады. Бұлжарияланымдарды тұрақты сәйкестендіруді, дұрыс дәйексөз келтіруді және ұзақ мерзімді қолжетімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Редакциялық алқа

Редакциялық алқа құрамына жарияланымдардың ғылыми сапасын және журналдың тақырыптық бағытына сәйкестігін қамтамасыз ететін отандық және шетелдің жетекші ғалымдары кіреді.

Индекстеу және тарату

  • CrossRef
  • Digital object identifier (DOI)
  • ROAD

Жарияланым үшін төлем

Жариялауға қабылданған қолжазбалар үшін жарияланым төлемі белгіленген: бір мақала үшін 5000 теңге. Төлем қолжазба жариялауға қабылданғаннан кейін алынады. Ол редакциялық шешімге  және рецензиялау үдерісіне әсер етпейді. Төлемді растайтын құжат (түбіртек – PDF немесе JPEG форматында) авторлар тарапынан редакцияның электрондық поштасына жіберіледі.

Индекстеу

Индекстеу туралы ақпаратты журнал баптауларында басқаруға немесе осы бөлімге бөлек мәтін ретінде қосуға болады.

Контентті сақтау

Жарияланымдар ұзақ мерзімді цифрлық сақтауды қамтамасыз ету үшін цифрлық архивтерге орналастырылады.