The Age of Psychology

Қолжазба жіберу

Сыни ойлау дағдылары эмоциялық интеллект дамуының когнитивтік алғышарты ретінде

Авторлар

  • Ю. Гелишли Гази университеті Автор

DOI:

https://doi.org/10.26577/TAOP1120261

Кілт сөздер:

сыни ойлау, эмоциялық интеллект, эмоциялық ақпарат, интеллеуктуалдық үдеріс, когнитивтік икемділік

Аңдатпа

Мақалада студенттердің эмоциялық интеллектісін дамытудағы сыни ойлаудың психологиялық ықпалы теориялық және әдіснамалық тұрғыдан қарастырылады. Психологиялық-педагогиклық және философиялық әдебиеттерді талдау негізінде сыни ойлау, эмоциялық интеллект, эмоциялық ақпарат, интеллектуалдық үдеріс және когнитивтік икемділік ұғымдарының мазмұны нақтыланып, олардың өзара байланысы айқындалды. Зерттеу барысында эмоциялық интеллект дамуына әсер ететін сыни ойлаудың психологиялық механизмдерді негізделіп, тұлғаның интеллектуалдық әрекеттерінің кіріктелген моделі ұсынылды. Зерттеу барысында студенттердің сыни ойлау және эмоциялық интеллект деңгейі анықталды. Сыни ойлауды бағалау үшін Дж.Кинчердің «Сіз қаншалықты сыни қабілеттісіз?» тесті, ал эмоциялық интеллектіні бағалау үшін Н. Холлдың «Эмоциялық интеллект деңгейін анықтау» тесті қолданылды. Эксперименттік топта психологиялық-педагогикалық тренинг арқылы сыни ойлауды дамытуға бағытталған бағдарлама жүзеге асырылды. Тәжірибелік-эксперимент нәтижелері сыни ойлау әрекетін қалыптастыру әдістемесінің эмоциялық интеллект деңгейлірінің динамикасына оң ықпал ететінін және бақылау-бағалау құралдарының тиімділігін көрсетті. Зерттеу нәтижелері сыни ойлау мен эмоциялық интеллект деңгейлерінің артқанын және екі көрсеткіштің арасында оң корреляциялық байланыс бар екенін көрсетті. Спирменнің рангілі корреляция коэффициенті (ρ) әдісі бойынша алынған статистикалық мәліметтер нәтижелердің маңызды екенін растайды. Зерттеу қорытындылары сыни ойлаудың психологиялық механизмдері студенттердің оқу мотивациясын арттырып, тұлғааралық қарым-қатынаста эмоцияларын саналы реттеу қабілетін дамытуға мүмкіндік беретінін дәлелдейді.

Downloads

Download data is not yet available.

Автор өмірбаяны

  • Ю. Гелишли, Гази университеті

    Гази университетінің профессоры, Анкара, Түркия, ygelisli@gmail.com.

Жарияланды

2026-03-20

Журналдың саны

Бөлім

Мақалалар

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Сыни ойлау дағдылары эмоциялық интеллект дамуының когнитивтік алғышарты ретінде. (2026). The Age of Psychology, 1(1). https://doi.org/10.26577/TAOP1120261

Ұқсас мақалалар

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.