The Age of Psychology

Қолжазба жіберу

Студенттердің конформизмге бейімділігінің психологиялық ерекшеліктері

Авторлар

  • Н. Токсанбаева Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml Автор
  • Г. Салимова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml Автор

DOI:

https://doi.org/10.26577/TAOP1120262

Кілт сөздер:

конформизм, студент тұлғасы, топтық қысым, психологиялық ерекшеліктер, әлеуметтік ықпал, эмоциялық тұрақтылық, эмпирикалық зерттеу

Аңдатпа

Бұл мақалада студенттердің конформизмге бейімділігінің психологиялық ерекшеліктері тұлғалық даму, топтық ықпал және әлеуметтік-психологиялық реттелу контекстінде эмпирикалық тұрғыда зерттеледі. Қазіргі жоғары білім беру кеңістігінде студент әлеуметтік нормалар, академиялық талаптар және құрдастар тобының қысымы жағдайында әрекет етеді. Осындай ортада конформизм жеке пікірді сақтау мен топтық нормаларға бейімделу арасындағы ішкі психологиялық тепе-теңдікті сипаттайтын күрделі феномен ретінде қарастырылады. Зерттеудің мақсаты - студенттердің конформизмге бейімділігін айқындау және оның тұлғалық ерекшеліктермен, эмоциялық тұрақтылықпен және әлеуметтік өзара әрекет стилімен байланысын анықтау. Зерттеу әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Қайнар университеті студенттері арасында жүргізілді. Іріктемеге 18–19 жас аралығындағы 75 студент қатысты. Эмпирикалық зерттеу барысында конформизм деңгейін анықтауға арналған психодиагностикалық әдістемелер, тұлғалық қасиеттерді бағалау сауалнамалары және эмоциялық көрсеткіштерді өлшеу құралдары қолданылды. Мәліметтер корреляциялық талдау әдісі арқылы өңделді. Нәтижелер студенттердің конформизмге бейімділігі олардың өзіндік бағалау деңгейімен, әлеуметтік тәуелділік көрсеткіштерімен және эмоциялық реттелу ерекшеліктерімен өзара байланысты екенін көрсетті. Ғылыми маңыздылығы - конформизмнің студенттік кезеңдегі психологиялық құрылымын нақтылауында. Практикалық құндылығы - білім беру ұйымдарында дербестік пен сыни ойлауды дамытуға бағытталған психологиялық бағдарламалар әзірлеуге негіз болуында.

Downloads

Download data is not yet available.

Автор өмірбаяндары

  • Н. Токсанбаева, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

    жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессоры, психология ғылымдарының докторы, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті (Алматы, Қазақстан. n.toksanbaeva@mail.ru)

  • Г. Салимова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

    Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің 1 курс докторанты ( Алматы, Казақстан. guka__99@mail.ru)

Жарияланды

2026-03-20

Журналдың саны

Бөлім

Мақалалар

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Студенттердің конформизмге бейімділігінің психологиялық ерекшеліктері. (2026). The Age of Psychology, 1(1). https://doi.org/10.26577/TAOP1120262

Ұқсас мақалалар

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.