Болашақ педагог тұлғасының өзін-өзі реттеуін дамыту аспектілері
DOI:
https://doi.org/10.26577/TAOP1120265Кілт сөздер:
өзін-өзі реттеу, аспект, жоспарлау, модельдеу, бағдарламалау, бағалау, дербестікАңдатпа
Қазіргі білім беру жүйесінде болашақ педагогтардың кәсіби даярлығын арттыру мәселесі өзін-өзі реттеу қабілетінің қалыптасуымен байланысты. Өзін-өзі реттеу тұлғаның саналы мақсат қоя алуы, оқу әрекетін жоспарлауы, өз іс-әрекетін бақылауы, нәтижелерді бағалауы және эмоциясын басқаруы. Осыған байланысты болашақ педагогтардың өзін-өзі реттеуінің психологиялық-педагогикалық аспектілерін анықтау ғылыми және практикалық тұрғыдан өзекті мәселе болып отыр. Зерттеудің мақсаты – болашақ педагогтардың өзін-өзі реттеуінің құрылымдық компоненттерін айқындау және олардың оқу іс-әрекетіндегі көрінісін талдау. Мақалада теориялық талдау жасалып, сауалнама жүргізіліп, өзін-өзі реттеудің мақсат қою, жоспарлау, өзіндік бақылау, нәтижені бағалау және эмоциялық реттеу сияқты негізгі құрамдас бөліктері қарастырылды. Зерттеудің жетекші идеясы болашақ педагогтардың өзін-өзі реттеуін кәсіби қалыптасудың маңызды психологиялық-педагогикалық алғышарты ретінде негіздеу болып табылады. Жұмыстың ғылыми маңыздылығы болашақ педагогтардың өзін-өзі реттеу қабілетінің психологиялық және педагогикалық аспектілеріне тоқталып, сондай-ақ оның құрылымы мен мазмұнын нақтылауымен сипатталады. Зерттеудің практикалық маңыздылығы студенттердің өзін-өзі реттеу стилі эмпирикалық тұрғыда анықталып және оны компоненттер бойынша нақтыланды. Зерттеу барысында студенттердің өзін-өзі реттеу стилі алты компонент (мақсат қою, жоспарлау, өзіндік бақылау, әрекетті түзету, нәтижені бағалау, эмоциялық реттеу) негізінде талданып, әр компонентке ғылыми тұрғыда толық сипаттама берілді.
Сонымен қатар, зерттеу материалдары болашақ педагогтардың кәсіби даярлығын арттыруға арналған оқу-әдістемелік құралдарда, тренингтердің мазмұнын жобалауда, педагогикалық практика барысында студенттердің оқу-танымдық әрекетін ұйымдастыруда қолдануға ұсынылады.